Сараптаманың қорытындысы бойынша, өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.
Астанада ұйқыға байланысты шағыммен емханаға жүгінген адам күтпеген жерден қайтыс болды
6,644
оқылды

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен адам қайтыс болған,  деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсі дәлелденген.

"Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ұйқыға байланысты шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы салынған, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған",  делінген хабарламада.

Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Сараптаманың қорытындысы бойынша, өлімнің себебі анафилактикалық шок деп танылды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

 Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.