Жаңа жылға жақын тұтынушылар әлемінде нағыз қарбалас басталады. Сауда орталықтары жеңілдіктер жариялайды, тұтынушылар түннен кезекке тұрып, арзан тауарға таласады. Осындай науқандар кезеңі «Жеңілдік жұмасы» келген сияқты.
«Жеңілдік жұмасында» Samsung теледидары $3 000 арзан болады
Фото Samsung ресми сайтынан алынды
1,891
оқылды

«Жеңілдік жұмасы» (черная пятница) мен «кибер-дүйсенбіде» көптеген сауда орталығы мен өндірушілердің өздері де үлкен жеңілдіктер жариялай бастады. Slashgear.com сайтында жарияланған cондай науқанға арналған материалда Samsung компаниясы өзінің теледидарларының бағасын 50%-ға дейін төмендеткені жарияланды. Aikyn.kz мұндай маркетингтік қадамның себебін түсіндіреді.

Фото Samsung сайтынан алынды

Кеше ғана сауда орталықтарында қымбат бағаға сатылған Samsung құрылғылары бүгін екі есеге дейін арзанға ұсыныла бастады. Мұндай маусымдық науқандар кезінде тұтынушы миллион теңгеге дейін үнемдей алады.

Бұл жолы да Samsung-тың жеңілдік ұсыныстары оның теледидарларының кең ассортиментін қамтиды. Қарапайым 32 дюймдік теледидар немесе 98 дюймдік тұтас қабырғаны алатын теледидар болсын, кешегіден арзан бағаға сатып алуға болады. 

Жеңілдіктер Samsung-тың ерекше және инновациялық теледидарларына жасалған. Мысалы, сыртта қолдануға арналған The Frame және ашық ауада пайдалануға арналған The Terrace.

Қазақша айтар болсақ, «жеңілдік жұмасында» тұтынушылар мол қаражатын үнемдей отырып, ең үздік Samsung теледидарын сатып ала алады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Filadendron

«Жеңілдік жұмасы» Samsung-тың 98 дюймдік QLED 4K Q80C ғажап өнімін, үлкен дисплейі бар смарт теледидарды сатып алуға жақсы мүмкіндік бар. Quantum Dot технологиясын пайдалана отырып, теледидар Quantum HDR режимінде миллиардтаған түрлі-түсті реңктерді, сондай-ақ терең, қою қара түстерді көрсете алады. Сондай-ақ теледидар мүмкіндігінше жақсы суретті, сондай-ақ төмен ажыратымдылығы бар контентті 4K деңгейіне дейін көрсетеді.

Бұл теледидардың Күн сәулесіне қуат алатын қашықтан басқару пульті бар, 3D дыбысын қамтамасыз ететін Object Tracking Sound Lite мүмкіндігі және үлкен экран өлшемі мен таңғаларлық жұқа эстетикалық жақтауы өте үйлесімді жасалған.

Samsung бір ай бұрын 98 дюймдік QLED 4K Q80C теледидарын 8 000 долларға сатып келсе, «жеңілдік жұмасы» науқаны кезінде 5 000 долларға ұсынады. Бұл 3 000 доллар жеңілдікті білдіреді.

Жеңілдік жұмасында мынадай дүрлікпе сатылымдар мен тұтынушылар арасындағы төбелестер де болып тұрады. АҚШ-та, әрине. Қысқаша анықтама

Тауар бағасын науқан кезінде төмендету өндірушілерге тиімді. Өйткені, жеңілдікпен сатылған тауардың құны оның өзіндік құнынан айтарлықтай жоғары. Өндірушілер бағаны еркін өзгерте алады және науқан кезінде сатылым көлемін ұлғайтып мол табыс таба алады.

Сондықтан  8 000 долларға сатылып келген теледидардың өзіндік құны 5 000 доллардан әлдеқайда төмен деп болжауға болады.

Әлемдегі ешбір өндіруші тауарын өзіне шығын әкелетін бағаға сатпайды. Ал үлкен жеңілдіктер мен «жеңілдік жұмасы» (черная пятница) мен «кибер-дүйсенбі», жаңажылдық науқандар жақсы ойластырылған маркетингтік тәсілдер.