Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Анасы мен өгей әкесінен таяқ жеген тағы бір 7 жасар қыз ауруханаға түсті
Фото:depositphotos.com
871
оқылды

СҚО Полиция департаменті 7 жасар қызын ұрып тастаған анасы мен өгей әкесіне қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

23 қараша күні сағат 17.00 шамасында Петропавл қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы  1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») бойынша Петропавл қаласы Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қыз бала болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Кейіннен кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргені анықталды. Олар өз кінәсін мойындап отыр. Мұндай жағдайға олар баланың тіл алмауы себеп болды деп түсіндірді.

«Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде, түпкілікті процестік шешім қабылданады»,  делінген СҚО Полиция департаменті хабарламасында.