Ақтауда №7 шағынаудандағы 3-үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
15 қарашада 102 кезекшілік пультіне №7 шағынаудандағы 3-үйінің артында ер адамның мәйіті жатыр деген шақырту түскен. Шақыртуға жеткен жедел тергеу тобы 43 жастағы ер адамды тапқан.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалып, факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 және 41 жастағы ер адам соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды", – делінген баспасөз мәліметінде.