Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылының тұрғыны Жеңіс Сейдахановтың інісі 7 жыл бұрын мезгілсіз қаза тапқан еді.
Келінін әмеңгерлікпен әйел қылған жігіт: Ұсынысты өзім тастадым
4,835
оқылды

Інісінен көз жазып қалған жігіт көп ұзамай келінін әмеңгерлік жолмен алуды жөн санайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның сөзіне қарағанда, інісі жол апатына ұшырап, қайтыс болған. Артында екі баласы қалады. Анасы төркініне келінімен бірге кеткен немерелерін жиі ойлап, қатты уайымдайды.

"Жалпы, әмеңгерлік деген қанымызда, дәстүрімізде бар салт екенін білетінмін. Осы мезеттен сол жайында ойлай бастадым, ақыры ол туралы анама айттым: "Әмеңгерлікпен қосылайын, екі балаң көз алдында жүреді" деп ұсынысты өзім айттым. Өз басым өзгенің айтқанымен, айдағанымен жүрмейтін адаммын. Жұрт артынан түрлі негатив айтып жатыр екен. Онда менің шаруам жоқ. Бастысы, өзімнің жоспарым, өзімнің ойым бар. Маған маңыздысы сол", – дейді Жеңіс Сейдаханов 7 арнадағы "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұқбатында.

Ал бүгіндері жұбайы, кезіндегі келіні Сандуғаш Сандық басында бұл ұсынысқа қарсы болғанын айтады.

"22-де жастай қалдым. Төркінге кеттім. Басында қарсы болдым. Әкем де наразы болды. Кейін анам үгіттеп, өз батасын берген соң қосылған болатынбыз", – дейді ол.

Әмеңгерлік жолмен 7 жыл бұрын қосылған жұп бүгіндері бес бала тәрбиелеп отыр, яғни олардың ортақ үш баласы бар. Олар өздерінің бақытты екенін, ал бағдарламаға арттарынан ерген негатив сөздерге нүкте қою үшін келгендерін айтты.