Оқушы үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатыр
732
оқылды

Ақтөбе қаласында жоғалып кеткен мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк.

Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Қандай да бір ақпарат білгендер болса, "102" немесе 8 771-785-1058 телефондарына қоңырау шалу сұралады.