Алматыда АХАЖ мекемесінің бұрынғы қызметкері А. қылмыстық топ құрып, оның құрамына С. және Е. (жұмыссыздар) және белгісіз Э. есімді әйел кірген.
"12 сәбиді саудалаған": Алматыда АХАЖ қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатқаны үшін сотталды
1,371
оқылды

Апелляциялық сот жаңа туған сәбилер саудасымен айналысқан 7 адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Алматыда АХАЖ мекемесінің бұрынғы қызметкері А. қылмыстық топ құрып, оның құрамына С. және Е. (жұмыссыздар) және белгісіз Э. есімді әйел кірген.

«Қылмыстық топтың мақсаты – жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату және басқа да мәмілелер жасау арқылы табыс табу болды. А.-ның міндеттеріне қылмыстық топқа жалпы басшылық жасау, сондай-ақ туу туралы куәліктер жасау кірді. С., Е. және белгісіз әйел Э-нің міндеттері жаңа туған сәбилерінен бас тартуға дайын адамдарды және жаңа туған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды іздеу және келіссөздер жүргізу, ақша алу және кейіннен оларды А-ға беру болған», – деп хабарлады сотта.

Іс бойынша барлығы 12 жаңа туған сәбиге қатысты сатып алу-сату және сыйға тарту мәмілелері жасалды.

Бұдан бөлек, Г., Б., М. және Н.-ның әрқайсысы жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату мәмілелерінің бір эпизодына қатысқаны анықталды. Алайда олар қылмыстық топқа кірмеген.

Сонымен қатар, Б.-ға алаяқтық жасады деген айып тағылған, яғни жәбірленушінің атына 1 000 000 теңгеге жуық сомаға несиені алаяқтық рәсімдеу арқылы ақша жымқырды деген айып тағылды.

«Сондай-ақ, сот Г. және Б.-мен бірге тұратын тұлғалар жаңа туған сәбилерін сатудан өз еркімен бас тартқанын анықтады, бірақ А. мен белгісіз әйел Э. оларды алдап, баланы алып, сатып жіберген. Қылмыстық қудалау органы балаларынан бас тартқан аналарға және осы балаларды өздері асырап алу үшін сатып алған адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында ҚК-нің 65-бабы бойынша өкініш білдіргендері үшін тоқтатылғанын атап өткен жөн», – деп атап өтті ведомстводан.

Сотта прокурор барлық айыптау эпизодтары бойынша айыпкерлердің барлығына 9 жылдан 16 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен А., С. және Е. қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарға қатысты мәмілелер жасасқаны үшін тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылып, А. – 14 жылға, С. және Е. – әрқайсысы 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

А. ҚК-нің 385-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша айып тағылған 11 эпизодтың 6-сы бойынша (құжаттарды қолдан жасау) қылмыстық құқық бұзушылық құрамының дәлелденбегені үшін ақталды.

Г. және Б. – ҚК-нің 135-бабының, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәсіз деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақталды;

Б. ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлімі (онша ауыр емес) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ жаза мерзімінде қамауда ұстау мерзімін есепке жатқызу қағидаларына сәйкес өтеліп қоюына байланысты оны өтеуден босатылды.

М. және Н. – кінәлі деп танылды және ҚК-нің 65-бабы бойынша әрекетті өкініш білдіргендері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Жергілікті білім басқармаларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз асырап алынған балалардың тағдырын анықтау туралы жеке қаулы жіберілді.