Өрттен зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілген.
Хостелдегі өрт: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
972
оқылды

Алматыдағы хостелде болған өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың бірі көмірқышқыл газына уланған.

«Оның жағдайы ауыр, бірақ хал үстінде емес. Бақылауда ұстаймыз. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді»,  делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен барлық адамға толық көлемде қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Осыған дейін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.