"Раймбекұлы Ислам", – деп Raim ұлының есіміне қатысты қысқа пост жазды.
Ерке мен Raim ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Жақында ғана ұлды болған жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim баласына қандай есім бергені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Раймбекұлы Ислам", – деп Raim ұлының есіміне қатысты қысқа пост жазды.

Әлеуметтік желідегі оқырмандар танымал жұпқа жарыса тілек жазып, дүние есігін ашқан сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.

"Бауы берік болсын! Анасына да, баласына да денсаулық тілейміз", "Молодцы, осы жылдың жақсы жаңалықтары бір өздерің, бәрі жақсы болсын. Ерке қызымызға күш-қуат берсін", "Керемет, құтты болсын! Бауы берік болсын! Оралға +1 ұл" деп жазды жұлдызды жұптың жанкүйерлері.