Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мурзамадиев хостелде көз жұмған 13 адамның өлімінің алдын ала себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қаза тапқандар өлімінің алдын ала себебі – көміртегі тотығынан улану", – деді ол.
Айта кетейік, 30 қараша күні сағат 05.33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Анықталғандай өрт салдарынан қаза тапқан 13 адамның 11-і – қазақ, біреуі – өзбек, тағы біреуі орыс ұлтының өкілі.