Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы да трендтен қалмай, адамдарға бай әрі бақуытты өмір сүруді үйретіп жүр.
Жанар Айжанованың қызы білімін жетілдіруге 30 миллион теңге төледі
5,338
оқылды

Белгілі актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова қазіргі кезде өзін дамытуға, заман талабына сай білім алуға күш салып жүргенін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі соңғы рет білімін жетілдіру үшін 30 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы ол "Қызық Times" бағдарламасына қонақ болған кезінде айтты.

Актриса қазіргі уақытта байлыққа емес, білім алуға талпыну керек деп есептейді. Оның сөзінше, білімді адамдар жерде қалмайды.

"Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам білім ізденуден шаршамау керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды. Өзің сапалы білім алған сайын, саған сондай орта келеді. Сондай ортамен өскен анағұрлым тез болады. Ондай адамдарда атақ, байлық бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз", – деді Айжұлдыз.

Адайбекова коуч ретінде курстар сататынын да жасырмады. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша тапқан көрінеді.

"Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой", – деп мақтанды ол.