Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжануда.
"Боран, екпінді жел, -30 градус аяз": желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
8,616
оқылды

«Қазгидромет» РМК желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, биыл Қазақстанда қыс біртіндеп өз құзырына енеді.

Желтоқсанның таяу күндерінде және бір айдың ішінде республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: солтүстік жартысында қар, кейде боранды қар жауады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтілуде, айдың басында Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде – жел 30 м/с және одан да күшті екпіні болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуымен бүкіл елде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

елдің батысында түнде -10-20°C дейін, күндіз -3-13°C дейін;

солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнде -20-30°C дейін, күндіз -10-20°C дейін;

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде  -10-20°С дейін, күндіз -2-10°С дейін.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен қарқынды жылу толқындары күтіледі:

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5-10°С дейін, күндіз 0,-5°С дейін жоғарылайды;

Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде -3+3°С дейін, күндіз +5+13°С дейін.

Алайда жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық  антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

Қазақстанның солтүстік жартысында түнде -20-30°С дейін, күндіз -8-15°С дейін;

Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде -10-17°С дейін, күндіз -3-10°С дейін.

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжануда.