Зардап шегушінің миы шайқалған.
Астанада жасы алпысқа жақындаған әйелді автобус қағып кетті
755
оқылды

Астана қаласында қоғамдық көлік 56 жастағы әйелді қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оның 29 қарашада болғанын айтты.

Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Керей, Жәнібек хандар көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Бөкейхан көшесімен қиылыста жол бөлігінде оңға бұрылу кезінде, белгіленген орында жолды кесіп өтіп бара жатқан 56 жастағы әйелді қағып кеткен, – делінген полиция хабарламасында.

City Transportation Systems көлік компаниясы да бұл жайтты растады.

Жабық бас-миы жарақаты, мидың шайқалуы бастапқы диагнозы қойылған әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Жүргізуші зардап шегушіге қажетті көмек көрсетеді, – делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, автобус жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.