Оның нақты неден көз жұмғаны тек сараптамадан кейін белгілі болмақ.
ШҚО-да 3 апта бұрын жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды
Фото: gov.kz
649
оқылды

ШҚО Глубокое ауданында жарты айдан астам уақыт бойы із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Глубокое ауданы Белоусовка кентінің тұрғыны Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған.

Бірақ кейуананың жоғалғаны туралы хабар тәртіп сақшыларына тек 26 қарашада түсті.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына шұғыл кірісіп, іздестіруге еріктілер де жұмылдырылды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 74 жастағы зейнеткердің денесі табылған.

Оның нақты неден көз жұмғаны тек сараптамадан кейін белгілі болмақ. Әзірге мәйіттің қайдан табылғаны туралы да ақпарат берілмеді.