2019 жылдың қарашасында Tesla дизайн студиясында алғаш рет көрсетілген Tesla Cybertruck жаппай сатылымға ұсынылды. Кейбір сарапшылар Илон Масктің «танкісі» ешқашан конвейерден шықпайды деп ойлаған еді.
50 000 доллар тұратын оқ өтпейтін әдемі «танк» сатыла бастады
Бұл – Tesla Cybertruck. Фото Tesla сайтынан алынды
3,315
оқылды

Төрт жылдан кейін Tesla жол талғамайтын көліктің жаңа концептін сата бастады. Әртүрлі пікірлер айтылып жатқан жаңа көлік туралы newatlas.com сайты жариялаған материалға сүйенген Aikyn.kz ешбір нұсқаға ұқсамайтын тасымал құралының дизайны мен техникалық сипаттарымен таныстырады.

Бұл – Tesla Cybertruck. Фото Tesla сайтынан алынды

Техас штатының жолдарында алғашқы сатып алушылардың Tesla Cybertruck көліктері көріне бастады.

Аты айтып тұрғандай Cyber – кибер, truck – жүк көлігі.

Сыртынан өте үлкен, агрессив көрінетін көлік түріне «жүк көлігінен де керемет, спорттық көліктен де асып түсетін машина» деген теңеулер айтылуда. Бұл «танктің» тағы қандай кереметтері бар? Танысайық.

Cybertruck салоны. Фото Tesla сайтынан алынды

Ең алдымен, Cybertruck идеясының батылдығы таңғалдырады. Сатуға шығарылған Cybertruck-тің минимализмге құрылған корпусы жылтыр.

Дизайнерлер жатық, иілгіш формалардан бас тартып бұрышты экстерьерге басымдық берген. Шынымен-ақ ол сәнді танкке де, үтікке де ұқсайды. 

Илон Масктың айтуынша, Tesla арнайы осы көлік үшін әзірлеген тот баспайтын болаттан жасалған қорытпа Cybertruck-тен бұрын болмаған және еш жерде қолданылмаған, оны штамптауға болмайды, өйткені қорытпа штамптау машинасын бұзады.

Осыдан 6 сағат бұрын Tesla жариялаған видеода танктің мүмкіндіктері көрсетіледі:

Cybertruck оқ өткізбейді, бірнеше қару түрлерінен, соның ішінде классикалық Capone стиліндегі Tommy тапаншасынан атылған оқтарды өткізбейді, тек корпусында оқтың іздері мен майысқан есікті көруге болады. 

Cybertruck-ты оқ тесіп өтпейді, бірақ сәл «жаралайды». Фото Tesla сайтынан алынды

Көліктің шынысы да ерекше материалдан жасалған.

Tesla веб-сайтында жарияланған мәліметтерге сенсек, «брондалған» әйнек 112 км/сағ жылдамдықпен лақтырылған бейсбол добына немесе 4-дәрежелі бұршаққа төтеп бере алады.

Cybertruck-тің адаптивті пневматикалық жүйесі оның жүру биіктігін 43 см клиренске дейін көтере алады.

Отбасына арналған көлік. Фото Tesla сайтынан алынды

Tesla Cybertruck қатты суықтарға төтеп бере алады. Көлік үш нұсқада шығарылады. Бастапқы деңгейдегі артқы жетекті (задний привод) нұсқа бір реттік қуаты 402 км жолға жарайды.

Болжамдық бағасы 60 990 АҚШ долларын құрайды. Алайда АҚШ үкіметінің электр көліктерін сатып алуды ынталандыру бағдарламасы бойынша бұл баға 50 мың доллар болып азаяды.

Толық жетекті екінші нұсқа бір реттік қуатпен 547 км дейін жүреді, 0-ден 100 км/сағ дейін үдеуі 4,1 секунд. Сатылымға 2024 жылы 79 990 доллар (ынталандырудан кейін 68 890 доллар) базалық бағамен шығады. Мына видеодан Tesla Cybertruck-тың қуаты мен жылдамдығын бағалаңыз:

Үшінші Cyberbeast моделі де толық жетекті (полноприводный) бір реттік қуатпен 515 км дейін жүреді, бұл «құбыжықтың» құны 99 990 доллар немесе Tesla компаниясының IRS ынталандыру пакетін таңдағандар үшін 96 390 доллар тұрады.

Осы заттардың бәрі Cybertruck-қа оңай сыйып кетеді. Фото Tesla сайтынан алынды

Міне, осылайша. Фото Tesla сайтынан алынды

Қақпағы жабылған жүксалғыш. Фото Tesla сайтынан алынды

Cybertruck сыртынан көрермендерді қызықтырса, оның ішкі интерьері 18,5 дюймдік кең экранды сенсорлық ақпараттық ойын-сауық дисплейінен тұрады, оның айналасында орналасқан ұқыпты және қарапайым кабинаның арқасында жүргізші мен отбасы мүшелерін ерекше сезімге бөлейді.

9,4 дюймдік орталық дисплей артқы жолаушыларға көңіл көтеруді көмектеседі, ал 15 динамикті көлемді дыбыс жүйесі акустиканы басқарады. Барлық отбасы мүшелері төбедегі әйнек шатыр арқылы жарқыраған аспанды, жұлдызды кеңістікті тамашалай алады.

Қазақтар бұл көліктің қанша мыңын сатып алады деп ойлайсыз?