Қазір күдіктілер соттың рұқсатымен қамауда отыр.
Елордада адамдарды бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды
1,237
оқылды

Астанада полиция адам бопсалаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бопсалаумен айналысқан 23 және 35 жастағы екі азаматты ұстады. Оларға қатысты 3 дерек тіркелді. Күдіктілер жәбірленушілерден жалпы 4 млн 300 мың теңге бопсалаған.

Қазір күдіктілер соттың рұқсатымен қамауда отыр.

Полицейлер ұсталғандардың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Күдіктілердің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, 8-7172-71-60-48, 60-10 телефонына хабарласа алады немесе Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) келе алады.