Ол 1997 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталды.
Атырауда  жезөкшелікпен айналысқан шетелдік елден шығарылады
1,739
оқылды

Транс «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында анықталып отыр. Ол түзден рахат іздеген ер адамдарға интим қызмет көрсеткен.

Транстың 1997 жылы туған Тәжікстан Республикасының  азаматы екені анықталды. Оның "қызметін" екінші бір ер адам  интернет желісі арқылы ұсынып, интимдік қызметке "тапсырыс" қабылдаумен айналысып келген. 

Транс пен интим қызметін үйлестіруші "менеджерінің" Қазақстанға қараша айында келгені анықталып отыр. Қазіргі уақытта шетелдікке қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар Көші-қон басқармасына тапсырылды.

Сондай ақ, Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан саунада өзге облыстардан келіп, жезөкшелікпен айналысқан Шымкент, Алматы, Жамбыл өңірінің 8 азаматшасын анықтаған.

Притон "қызметін" 37 жастағы Өзбекстан азаматшасы үйлестіріп отырған.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 309-бабымен, яғни жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Баян Жанұзақова