«Айқын» газетінің тілшісі Тілекгүл Есдәулет әкімге сұрақ қойды.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді туристік нысанда пайдалануға ықпал етеміз – Марат Сұлтанғазиев
787
оқылды

Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баяндама жасады.

«Айқын» газетінің тілшісі Тілекгүл Есдәулет әкімге мынадай сұрақ қойды:

«AMANAT» партиясы тарихи-мәдени орындарды қорғау бойынша акция бастады. Сіз ЮНЕСКО-ның қорғауындағы бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі «Таңбалы тас»  музейіне барып қайттыңыз. Осы музейге қатысты, тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша қандай жұмыс атқаруды жоспарлап отырсыздар?

– «Өткенде «Таңбалы тас» музейіне барып қайттық. Бүгінгі таңда оның жартысы жабық. Жұмыс жүргізілуде. Мұражайлар Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі. Сол себепті жұмысты министрлік жүргізіп жатыр. Әкімші де министрлік. Біздің тарапымыздан көмек – оны туристік нысанда пайдалану мүмкіндігіне ықпал ету. Бұған дейін айтылғандай, 370-тен астам шақырым жолды абаттандырып жатырмыз. Келген туристің зияны келмесін деген ниетте жұмыс істейміз», – деді әкім.