Әнші Мақпал Жүнісова 40 жасында берілген сұхбаттан үзінді көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан өнер иесінің марқұм жұбайы, саясаткер Заманбек Нұрқаділов пен қызы Мерейдің сәби кезін көруге болады.
"Ана болу – парыз. «Баласы бар үй – базар» деп қазақ бекер айтпаған. Соңғы кезде мінезім де жаман болып бара жатқан еді. Көп ойланғаннан шашым да түсіп, ұйқым да қанбайтын қиын кезең еді. Көп ойланғаннан шашыма ақ түсіп, денсаулығым да сыр беріп еді. Қаншама жерге барып емделсем де еш нәтиже болмады.
Бірнеше ота сәтсіз болды. Сол кезде өмірден түңіліп кеткен кезім еді. Бірақ қызымның дүниеге келуі өмірімді күрт өзгертті. Ағайын-туыстан бөлек, халық Зәкең екеуміздің баламыз болғанын қалады. Көп тілегі қабыл болып, Мерей қызымыз дүниеге келді. Қазір бар қызығымызға айналды. «Мама» деген сөзі жүрегімді елжіретеді. Мен «Періштем» деп атаймын. Барғым келмейтін жерден қызым алып қалады. Періште қалпымен мені қорғап жүретінін сеземін. Құдайдан сұрамаса да бала туатын әйелдерге қызығатын едім. Маған неге бір бала бермейді деп. Барлығы құдайдың ісі екен. Туып далаға тастап кетіп жатқан замандастарымды естігенде шошимын", – дейді Мақпал Жүнісова видеода.
Оның сөзінше, қызы Мерей өмірін күрт өзгерткен.
"Менің де тілегім қабыл болып, Зәкең екеуіміз қызды болдық. Мерей өмірімді күрт өзгертті. Мінезім де дұрысталып, денсаулығым да қалыпқа келді. Мейірімді болуды үйрендім", – дейді әнші бейнежазбада.