Көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде 21 жастағы жігіт қалтасынан өсімдік заты салынған газет бумасын шығарып, қашыққа лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұстау кезінде жолаушы полицейлерге қарсылық көрсетіп, заңды талаптарын орындамай, жиналмалы пышақпен оларға қарай ұмтылған.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды.