Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қарашада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомство мәліметінше, елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр.
"Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттіне берген жауабында.
Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.
Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.