Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Астана қаласында екі қабатты монша өртенді
871
оқылды

Астана қаласында екі қабатты монша отқа оранды, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен өшірілді», – деп жазды астаналық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Әлеуметтік желілерге тарап кеткен төтенше оқиғаның бейнежазбасында бұл нысан Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені жазылған.