Елімізде қауіптілігі жоғары 2,7 мың білім беру мекемесі бар. Оның құрамына 1,5 мың мектепке дейінгі ұйым, 1,1 мың орта мектеп және 97 арнаулы оқу орны кіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Orda.kz-тің жазуынша, Оқу-ағарту министрлігі бұл тізімді жасау үшін алғаш рет қауіпті нысандарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылғанын мәлімдеді.
Бағдарламада мұғалімдердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық базасы, мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік жұмыс ережелері және басқа да критерийлер талданады.
Енді министрлік қызметкерлері бұл мекемелердің жұмысын тексеретін болады. Шенеуніктер бұл ұйымдардың барлығын 2024 жылы қатаң тексермек.
Сенімсіз білім беру нысандарының тізімі 2023 жылғы 25 желтоқсанға дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның сайттарында жарияланатын болады.