Ақмола облысында 2 учаскеде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚазАвтоЖолдың жазуынша, «Көкшетау-Рузаевка» автожолы (0-61 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» (жүк және жолаушылар көліктері үшін) учаскесі;
«Астана-Петропавл» автожолы (304-341 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы -Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» көліктің барлық түрі үшін жабық.
Солтүстік Қазақстан облысы да 3 учаске жабылды:
«Көкшетау - Рузаевка» (61-91 шақырым аралығы) – «Ақмола облысы - Саумалкөл ауылы» (жүк
«Астана - Петропавл» (417-473 шақырым аралығы) – «Рублевка ауылы – Бескөл ауылы» (көліктің барлық түріне);
«Астана - Петропавл» (341-417 шақырым аралығы) – «Ақмола облысының шекарасы – Рублевка ауылы» (көліктің барлық түрі үшін).
Осы уақытта республикалық маңызы бар жолдарға 402 техника, 631 адам жұмылдырылды.
Бүгін сағат 10:00-ден бастап қатты жел мен көктайғаққа байланысты «Астана – Щучинск» трассасы қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылған болатын.