Қырғызстандықтар президент Садыр Жапаровтың Instagram желісіндегі парақшасына ел туын өзгертпеуді талап етіп, пікір қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Көпшілік президенттен қарапайым тұрғындарды тыңдауды сұраған, «Егер шынымен де елдің жағдайын жақсартуды қаласаңыз, нашар кадрларды және елдегі әртүрлі жүйелерді өзгерту қажет» дейді желі қолданушылары.
Сол жақта қазіргі мемлекеттік ту, оң жақта спикер Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Пірімов ұсынған тудың нобайы.
Бұл идеяны Қырғызстан президенті де қолдаған болатын. Ол «Құдай қаласа, бұл нұсқа өтіп кетсе, бұдан былай тәуелді болмаймыз» деп тудағы суреттің өзіндік нұсқасын ұсынған. Ол туды ауыстырғаннан кейін «күн нұрындай дамыған, тәуелсіз ел боламыз» деп қосты.
Туды өзгерту жұртшылықтың сыны мен наразылығын тудырғанымен, 28 қарашада Жогорку Кенештің тиісті комитеті бұл идеяны бірауыздан қолдады. Бір күннен кейін заң жобасын парламент бірінші оқылымда қол қойды.