Астанада көлікті мас болып басқарған 20 жастағы қыз тұрғын үйдің ауласында алдымен әйелді қағып, одан әрі тұрақта тұрған үш көлікке зақым келтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
42 жастағы жаяу жүргінші сол жерде жарақатынан қаза тапты.
«Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі – бойжеткен уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп жазды астаналық Полиция департаментінен.