Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды.
Астанада көлік өртеніп кетті: жүргізуші ауруханаға жатқызылды
866
оқылды

Астанада көлік өртеніп кетті. Көлік жүргізушісі көмірқышқыл газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Көлік жанып кетті. Капотының астынан өрт шықты. Өрт сымдардың тұйықталуынан болған сияқты. Осы уақыт ішінде ішінде адам отырды. Кейін оны шығарып алып, жедел жәрдеммен алып кетті. Басқа ешкім зардап шекпеді», – делінген видеоның сипаттамасында.

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті деректі растады.

«Сағат 19:51-де Алматы ауданындағы Жүргенов көшесі, 21/1 мекенжайында «Мазда 626» автокөлігінің мотор бөлімі мен салоны өртеніп, жалын 20:11-де сөндірілді. «103» бригадасы көлік иесін алып кетті. 1984 жылғы азамат көмірқышқыл газымен улану диагнозымен №1 қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді», – деп жазды Астана ТЖД.