Тұтынушыға жеткенге дейін Tesla Cybertruck ауыр сынақтардан өтті. Арнайы түсірілген видео ролик bgr.com сайтының тілшілерін де ойландырған сияқты. Aikyn.kz осы сайттың материалына сүйеніп Илон Масктің жаңа көлігі неліктен үлкен дүрлігу тудырғанын түсіндіреді.
Фото Weibo әлеуметтік желісінен алынды. Авторы: xiaohongshu
Оқ өтпейтін жүк тасығыш көлік не үшін қажет? Tesla алғаш болып жаппай сатылымға шығарылатын электрлі көлігін қалыңдығы 1,8 мм тот баспайтын арнайы қорытпадан жасаған. Дәлірек айтар болсақ, оның есіктері автомат пен тапаншадан атылған оққа төтеп береді. Оны мына «Cybertruck Bullet Test» видеодан көруге болады:
Екінші бейне роликте Cybertruck қаншалықты жылдам әрі күшті екенін көрсету үшін Илон Маск жүк көлігі мен атақты Porsche 911-мен жарысқанын көрсетті.
Cybertruck Porsche 911-ді «бар болғаны 2,6 секундта 100 км» жылдамдықпен жеңіп қана қойған жоқ, ол бұл фантастикалық жеңісті дәл сондай Porsche 911-ді сүйрете отырып дәлелдеген.
Бұл таңғаларлық маркетингтік тәсіл және Cybertruck-тің ғажап мүмкіндігін көрсететін тағы бір керемет видео ролик. Мамандар оны енді «Киберқұбыжық» деп атай бастады. Мына видеодан көруге болады:
Aikyn.kz жариялаған алғашқы мақалада біз оны әдемі танкке теңедік. «Киберқұбыжық» атауымен салыстырғанда «Кибертанк» теңеуі жаңа көліктің эстетикасына әлдеқайда сәйкес деп ойлаймыз.
Балаларға арналған мини Cybertruck. Фото Tesla сайтынан алынды
Tesla балаларға арналған Cybertruck-тің миниатюралық нұсқасын да шығарды. Балаларға арналған Cybertruck-те екі орын бар, әрине, электрлі және 16 км/сағ жылдамдықпен қозғалады, бір қуатпен 20 км жүре алады. Президенттер мен ірі халықаралық шараларға балаларын бірге алып жүретін балажан Илон Масктің бұл шешімін түсінуге болады.
Дәл қазір балалар арналған нұсқаны толық электрлік төрт доңғалақты Cybertruck ойыншығын 1500 долларға сатып алуға болады. Бірақ балаларға арналған Cybertruck жылдам сатылып кеткен. Tesla тауар қайтадан қоймаларға келе бастаған кезде өтінім беруге болатынын айтуда.
Ерекше дизайнда жасалған кішкентай көліктің орындықтары реттеледі, артқы жетекті, электр тежегішімен, литий-ионды аккумулятормен, жарықдиодты алдыңғы және артқы шамдармен жабдықталған. Ол 6-12 жас аралығындағы кішкентай жүргізушілерге арналған.
Фото Tesla сайтынан алынды
Cybertruck-тің барлық модельдері тек табиғи түстермен шығарылғанымен, 6500 долларға қара пленка жабынына тапсырыс беруге де болады.
Бір рет қуатталған электрлі көлігімен 547 км жүруге болады. Жылдам зарядтау режимі де бар – 15 минуттық зарядтау 218 км жүруге жарайды. Максималды жылдамдығы – 209 км/сағ, ал 100 км/сағ-қа дейін небәрі 2,6 секунд кетеді.