Алдағы 2-3 күнде республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Соның әсерінен елдегі ауа райы жауын-шашынды (қар мен жаңбыр) болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
– 6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18°С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33°С аяз, оңтүстігінде 5-13°С аяз болуы ықтимал, – делінген мәлімдемеде.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.