Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесін ұсынды.
Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
23,465
оқылды

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі келесі жылғы діни күндер кестесін бекітті,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Мұсылмандардың мейрамы Ораза айт 10 сәуірге белгіленсе, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келеді. 

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа Айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті",  делінген діни басқарманың жазбасында.