Күдікті ақшаны алу үшін қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан.
Алматыда жас жігіт танысын тапаншамен қорқытып, ақша бопсалаған
721
оқылды

Алматы қаласында 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан.  

«Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны сіңлісімен оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан. Сол кезде азамат оны телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде ол пәтердің еденіне бір рет оқ атқан. Т. есімді азамат қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған. Бойжеткен 2,5 аптадан кейін полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ЭҚкБ-дағы әріптестері мен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Оның қасында бірнеше ер адам болған, олардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексеріледі», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.  

Күдікті 22 жастағы А. есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сараланған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі  1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.