Елордада ауа райының нашарлауы, соның ішінде екпінді жел мен көктайғақ байқалады.
Астанада жолға құм-тұз қоспасы себіліп жатыр
831
оқылды

Қазір қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.  Қала көшелеріндегі жолдардың көктайғақ болмауы үшін алдын алып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Түн ортасында ауа райы суып, қар түрінде толассыз жауып жатқан жауын-шашынның салдарынан айнала көктайғаққа айналды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілуде.


«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият болуын сұрайды.