Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы.
Оралда тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды
1,342
оқылды

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің  99-бабы 1-бөлігіне ("Кісі өлтіру") сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.

«Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін анықталады»,  деп хабарлады ведомство.