Ол бұрын бюджеттік ұйымда қызмет еткен.
Сыбайлас жемқорлықпен ұсталып, жазасын өтеп жатқан сотталушы әкімдіктен пәтер алған
Tengrinews
3,680
оқылды

Көкшетауда пара алғаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан қылмыскерге жергілікті әкімдік пәтер берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдегендей, өңірде 23 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. 

“Бұл ретте әкімдіктер соңғы үш жылда 900-ге жуық пәтерді үлестірді. Тексеріс барысында заңсыз тұрғын үй беру, сондай-ақ тұрғын үй беру негіздері тоқтатылғаннан кейін тұрғындарды шығармау бойынша 23 факті анықталды", – деп жазды ведомстводан. 

Сондай-ақ, облыс орталығында бұрын пара алғаны үшін сотталған және жазасын өтеп жатқан бюджеттік ұйымның бұрынғы қызметкеріне пәтер берілген.

“Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің екі фактісі анықталды. Мәселен, облыс орталықтарының бірінде азамат жекешелендіруден жарты жыл бұрын басқа аймақта орналасқан өзіне тиесілі пәтерін сатып жіберген. Қадағалау актісі бойынша жекешелендірілген пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.