Сотталушы еңбек шартын ұзартуы және "қамқоршылық" уәдесі мен басқарма қызметкерінің мүдделерін қолдау үшін қарамағындағы азаматтан бір миллион теңге көлемінде пара алған.
Шымкентте қарамағындағы қызметкерден пара алған басшы 30 миллион теңге айыппұл төлейді
1,610
оқылды

Экс-мемлекеттік қызметкер 30 миллион теңге айыппұл төлейді, сот осындай үкім шығарды. Бұл туралы жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мәлімдеді, – деп жазды Aikyn.kz.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы еңбек шартын ұзартуы және "қамқоршылық" уәдесі мен басқарма қызметкерінің мүдделерін қолдау үшін қарамағындағы азаматтан бір миллион теңге көлемінде пара алған.

Сондай-ақ Шымкенттегі тағы бір шенеунік үш жарым жылға сотталды. Оның мердігер мекеменің басшысынан пара алғаны дәлелденді.

"2023 жылы екі басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, соттың үкімімен кінәлі деп танылды. Оларға қарамастан тағы бір лауазымды тұлға бір мекеменің басшысы мердігер компаниядан пара алғаны үшін қазіргі уақытта кінәлі деп танылып, ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Біздің мақсатымыз – олардың орнына тағайындалатын басшыларға осындай қылмысты жасауға жол бермеу", деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғарин.