Жабылу себебі — қар аралас жаңбыр, жел, көктайғақ.
Батыс Қазақстанда жол жабылды
2,448
оқылды

Батыс Қазақстан облысында Атырау мен Ақтөбе бағытындағы жолдар жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсан күні жергілікті сағат 19.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар екі жол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.

Атап айтқанда, Атырау-Орал (189-372 км, Атырау облысының шекарасынан — Чапаев ауылына дейін) және Самара-Шымкент (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жолы жабық тұр.

Осы ретте БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлама жіберді.