Орал қаласында тергеу изоляторында отырған ер адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған күдікті 63 жаста болған. Ол қамау камерасында отырған.
«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.