Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.