«Қазгидромет» РМК 7-9 желтоқсан күндері болатын ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.
«Түнгі сағаттарда ауаның температурасы батыста -10-20 градусқа дейін, солтүстік-батыс және солтүстікте -28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде -42 градусқа дейін, орталықта және шығыста – -28-33 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте -5-13 градус суық болады. Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде жел күшейеді», – делінген хабарламада.