Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Танымал қоғам белсендісі Дина Таңсәрі алаяқтық бабымен күдікке ілінді
5,286
оқылды

NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ақпаратты ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратты. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайы жайында мәлімет берген жоқ.

«2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», - деп жазды полициядан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам белсендісі және NeMolchi.kz қорының жетекшісі.