Қалалық полиция күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігін тоқтатқандарын мәлімдеді, - деп жазды Aikyn.kz.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды.
Көлік бірден айыптұраққа қойылды.