Синоптиктер қатты аяз бірнеше тәулікке созылатынын айтты.
Бүгін Солтүстік  және Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары онлайн оқиды
Фото: didar-gazeti.kz
858
оқылды

Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

СҚО-да 30 градус аяз болып тұр. Сондықтан 0-11-сынып оқушылары бүгін сабақты онлайн оқиды.

Синоптиктер қатты аяз бірнеше тәулікке созылатынын айтты.

ШҚО Білім беру басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсанда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды.

«Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11-сынып, Самар ауданы Амангелді ауылындағы мектепте 1-9-сынып, Күршім ауданы Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4-сынып оқушылары мектепке бармайды»,  делінген ақпаратта.