Қостанай облысында Тобыл өзенінен ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған.
Алдымен Козырьковка ауылынан Тобыл өзеніне балық аулауға кеткен жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Артынша құтқарушылар мен полицейлер іздеу жұмыстарын бастады.
«Тобыл өзенінде 2,5 метр тереңдікте, жағалаудан 5 метр қашықта балық аулау кезінде суға батып кеткен 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді облыстық ТЖД дағдарыстық жағдайларды басқару бөлімінің бастығы Бақыт Оразов.