Айыпталушы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
250 миллион теңгеден астам инвестициялық субсидияны жымқырған қарағандылық сотталды
952
оқылды

ҚМА Қарағанды ​​облысы бойынша департаментімен 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Aikyn.kz  ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қаражат ауыл шаруашылығы субъектісінің күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленді.

Тергеу 2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды ​​облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген.

«Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды»,  деп жазылған хабарламада.