2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтармен қатар жұмыс беруші де міндетті жарна төлеуді бастайды.
Жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі
Фото: mail.kz
12,319
оқылды

Жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс  енгізіледі, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтармен қатар жұмыс беруші де міндетті жарна төлеуді бастайды.

Бұл бірінші кезекте салымшының табысын арттыруды көздейді.

Жарна көлемі айлық жалақыға байланысты және 1975 жылдың бірінші қаңтарынан кейін туған қызметкерлерге ғана қатысты.

Жұмыс берушінің жарнасы 2028 жылға дейін 5 пайызға өсуі тиіс. Бірақ кезең-кезеңімен арттырылады.

Нақтырақ айтсақ, 2024 жылы  1,5 пайыз мөлшерде, 2025 жылы  2,5  пайыз, 2026-да  3,5  пайыз, 2027 жылы  4,5 пайызға, ал 2028  жылы  5 пайыз мөлшеріне жететін болады.

Бұл ретте жұмысшының айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болуы шарт, әрі 50 есе артық болмауы да міндетті. Ал жарнаның қалған 10 пайызы бұрынғысынша, жұмысшының жалақысынан ұстала береді.