Қайғылы оқиға бүгін таңертең Жәнібек ауданында болған.
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
9,138
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 7 желтоқсанда таңғы сағат 08.15 шамасында Жәнібек ауданына қарасты «Көлтабан» ауылдық округінен 10 шақырым қашықта болған.

«Тойота Камри» маркалы автокөліктің 1993 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылдары туған жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Автокөліктің жүргізушісі мен 1992 жылы туған жолаушысы түрлі жарақатпен Жәнібек ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді»,  делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді.