Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған. ПД із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлайды.
Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Поповтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.
«Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 11.00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы SOS дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, судан жоғалған ер адамның денесі табылды», – делінген хабарламада.
Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.