Әнші ару өзіне ешкім сырға салмағанын айтты.
"Бәрі мені күтіп жүр": әнші Гүлмира Ізбасқанова өзінің "сырғалым" атануына қатысты жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден
7,760
оқылды

Қазақстандық жас әнші Гүлмира Ізбасқанова желіде өзінің "сырғалым" атанғаны жайлы қауесетке жауап берді. Ол бұл жайт үшін көпшіліктен кешірім сұрады,  деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлмира Ізбасқанова "Мархабат" бағдарламасында қонақта болып, ел арасында айтылып жатқан қауесетке жауап берді. Әнші ару өзіне ешкім сырға салмағанын айтты. Ол әзіл ретінде бөліскен видеосын көпшілік шын көріп қалғанын жеткізді.

"Осыны айтатын кез келіпті, сәті түсіпті. Біріншіден, халықтан кешірім сұраймын. Бәрі шынымен қатты қуанды. Бәрі мені күтіп жатқандай болып көрінді. Негізі арам ойым болған жоқ. Бұл сырғаны маған әпкем сыйлаған. Соны әзілдеп желіде жариялағанмын. Соны ары қарай алып кетіп, бәрі шын көріп қалыпты. Сосын не істерімді білмей қалдым. Кешірім сұрап, шындықты айтайын ба? Әлде үндемей-ақ қояйын ба деп ойланып қалдым. Бәрінен кешірім сұраймын. Бірақ халыққа риза болдым. Ниеттеріңізден айналдым, сол орындалып кетсе екен",  деді ол.