Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған қанды оқиғаға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қала басшысының айтуынша, марқұм болған жас жігіт ішімдікке салынған. Ал оны өлтірді деген күдікке ілінген әкесі шизофрениямен ауырады.
Еске салайық, 1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйдегі пәтерден жауыздықпен өлтірілген жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға таңғы уақытта болған. Мойын аймағында көптеген пышақ жарақаты бар ұлының денесін анасы тек кешкі уақытта тапқан.
Полицейлер күдікті ретінде марқұмның әкесін ұстады. Ол қанды оқиғадан соң дереу пәтерден шығып, бой тасалаған екен. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. "Адам өлтіру" бабымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.