Түнгі уақытта ауа температурасы -31-35 градусқа дейін суытады.
35 градус аяз: Астанадан шығатын барлық жолда көлік қозғалысы тоқтатылды
Фото: Tengrinews.kz
4,273
оқылды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.

Түнгі уақытта ауа температурасы -31-35 градусқа дейін суытады.

«Осыған байланысты кешкі сағат 18.00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда  жүруіне тыйым салынады», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.